Ұлттық инвестициялық стратегия шеңберінде инвестиция тарту қызметі Қазақстан экономикасының басым секторларына бағытталған. Жалпы алғанда, басым секторлардың екі тобы бар: белсенді әлеуеті бар секторлар және келешегі бар секторлар.
Белсенді әлеуеті бар салалар Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарының көздері болып табылады және инвестиция тартуға және экспорттық өндірісті дамытуға дайын. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды терең өңдеу, металлургия, химия және мұнай химиясы, машина жасау салалары бар.